«Халықтың жоғын жоқтады ма?»: Меруерт Түсіпбаева Мақсат Толықбайды қатаң сынға алды
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева экс-депутат, журналист Мақсат Толықбайды сынға алып, оның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол желідегі парақшасында жазба арнап, көпіріп сөйлеп, аузымен орақ оратындардың Құрылтайға баруына қарсылық білдірді.
«Мақсат кезінде жақсы тамада еді, негізі. Вот сол кезде, өз орнында еді. Ал, енді мынандай ой- өріспен, IQ — мен қалай Парламентте депутат болды талай жылдар бойы? Осы Мақсат, Ринаттар қандай мәселе көтерді? Халықтың жоғын жоқтады ма? Мен білмесем, жазыңдаршы? Кино түсіруге келген Джеки Чаннан Ақтау халқы неге су сұрады? Осы Мақсат сияқтылар не үшін депутат болдым, қандай мақсатпен деп ойлай ма?! Блогер-шмогер, әнші-күйші, спиртсмен. Ауызымен орақ оратын ақын-журналюги керек емес Құрылтай-2026-ға. Әркім өз орнын білсін! Мақсат кезінде жақсы тамада еді негізі», — деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Еске салайық, бұған дейін Мақсат Толықбай «Музарт» тобына алып аллея ашып, ескерткіш орнату керек, салынатын тұрғын үй кешеніне детоптың атын беру керек деген еді. Оның бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары экс-депутатты арзан атақ пен хайп қуған деп сынға алды.
«Тойларға барып ән салғаны үшін бе?», «Алаш арыстарына ескерткіш қойсын оданда», «Елімізде басқа проблема көп», «Бұлардікі тек жағымпаздық» деген сынды сыни пікірлер толастар емес.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0