МӘМС жүйесі тағы өзгеретін болды

Наурыз 12, 2025 - 15:13
МӘМС жүйесі тағы өзгеретін болды

Мәжіліс депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер бойынша жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттың сөзінше, заң жобасы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

"Заң жобасы 2027 жылға қарай медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды және мемлекеттік міндетті тегін медициналық көмекті екі есеге, 57-ден 32 пайызға дейін қысқартуды, сондай-ақ, МӘМС-ті 68 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді", - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеудегі табыстың жоғарғы шегін ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

"Жұмыссыздарға, әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыс және шұғыл деңгейлеріне жататын адамдарға МӘМС жарналары жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді", - деп толықтырды депутат.

Биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жарналарын қайта қарау туралы пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow