Маңғыстауда қайтыс болған депутат ісі: медицина орталығына қатысты тексеру қорытындысы шықты

Маусым 2, 2026 - 14:38
chat_bubble  0 visibility  5
Маңғыстауда қайтыс болған депутат ісі: медицина орталығына қатысты тексеру қорытындысы шықты
фото: әлеуметтік желіден

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне байланысты ол емделген медициналық мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Оның нәтижесі туралы Sputnik.kz-ке Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады. 

Департамент науқастың туыстарының өтініші негізінде "Қасиет" медициналық орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Тексеру 29 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтті. Оған тәуелсіз бейінді сарапшылар – пластикалық хирург пен анестезиолог-реаниматологтар қатысты. Тексеру қорытындысы бойынша науқасты жоспарлы хирургиялық араласуға дайындау және медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарының бұзылғаны анықталды", – деп хабарлады департамент.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0