Маңғыстауда мектеп мұғалімі кәуап жеймін деп ажал құшты

Мамыр 12, 2026 - 15:00
chat_bubble  0 visibility  0
Маңғыстауда мектеп мұғалімі кәуап жеймін деп ажал құшты
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні мектеп ұжымының табиғат аясындағы демалысы кезінде болған. Ер адам кәуапқа қақалып, әріптестерінің көз алдында көз жұмған. Полиция бұл дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазды Sadaq.kz.

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына демалуға барған. Табиғат аясындағы дастархан барысында 56 жастағы ер адам кәуап сүйегіне қақалып, оқиға орнында қайтыс болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

- Тергеушілер жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде барынша сақ болуға шақырады, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0