«Мас болған»: Талдықорғанда полиция қызметкері жол апатына түсті
Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түсті.
Тағы бір адам жарақат алды. Sputnik Қазақстан сайтының хабарлауынша, оқиға 2 қарашада болған. Жол апатынан зардап шеккен 60 жастағы тұрғын көптеген дене жарақатмен ауруханаға түскен. Кейіннен жол апатына кінәлі жүргізуші - полиция қызметкері екені белгілі болады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota автомашинасының жүргізушісі Талдықорған қаласының Мұстафа Өзтүрік және Батыр Оракты көшелерінің қиылысында жүріп, Aito M9 автокөлігімен соқтығысқан. Жүргізуші, бұрынғы полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінде.
Қылмыстық тергеу жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?