Мектепте телефон қолдануға болмайды: министрлік айыппұл салынатынын ескертті

Қараша 6, 2025 - 14:30
Қараша 6, 2025 - 14:32
Мектепте телефон қолдануға болмайды: министрлік айыппұл салынатынын ескертті
Фото: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың сабақта телефон пайдаланғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik.

Вице-министр Майра Мелдебекованың айтуынша, заңда оқу процесі кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынатыны жайында нақты айтылған.

"Ол үшін ата-ананың жауапкершілігі қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша алдымен ескерту жасалады. Ал құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады",-деді Мелдебекова сенатта өткен брифингте.

Кодексте айыппұл 5 АЕК (2025 жылда 19 660 теңгені) көлемінде белгіленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow