Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен сөйлесті

Сәуір 29, 2026 - 17:38
 0  12
Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

??Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0