«Мен де күткен жоқпын»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Мөлдір Мұқан отбасы құпиясына байланысты бір шешімге келгенін айтты

Әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан отбасылық өміріне қатысты алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жеке өмірімді, жеке өмір деп қалдырамын, солай шештім. Тұрсекеңе қатысты сұрақты, оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, көмекшілері бар. Мен де күтпедім. Бәрі жақсы», – деді ол «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында.
Мөлдір Мұқан жеке өмірінің құпиясын сыртқа жаймайтынын атап өтті.
Кейінгі уақытта желіде Тұрсынбек Қабатовтың «тоқал» алғаны туралы әңгіме желдей ескен. Алайда жұлдызды отбасы қауесеттерге байланысты ләм-мим демеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






