«Мен ол туралы ештеңе білмедім»: Жахан Отарғалиевтің екінші әйелі қалай танысқандарын айтып берді (ФОТО)

Қаңтар 29, 2026 - 17:46
Қаңтар 29, 2026 - 17:48
 0  30
«Мен ол туралы ештеңе білмедім»:  Жахан Отарғалиевтің екінші әйелі қалай танысқандарын айтып берді (ФОТО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Жахан Отарғалиевтің екінші әйелі қалай танысқандарын айтып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы Ақтолқын Сейт өз парақшасында жариялап, жазба қалдырды. Оның айтуынша, олар әлеуметтік желіде танысып, үшінші кездесуден кейін бірден некелескен. 

"Бір күні Жахан сторисыма реакция жіберді. Лүпіл бастым. Артынша, "тұрмыстасың ба?" деп жазды. Жоқ дедім. Сонда ол ниетім үйлену деп ашық айтты. Жақынырақ сөйлесейік, ұнатсақ көп созбай неке қиямыз деді",  –  дейді ол. 

Асығыстығынан шошып, мұндай маңызды шешімге дайын еместігін айтқан. 

"Содан жауап жазбай қойдым. Қоңырауына да жауап бермедім.  Келесі күні осы соңғы хабарласуым деп өзіне айтқан екен. Мен де сезгендей қоңырауына жауап бердім... Екеуміз де өмірден шаршап, ұрылатын жерге ұрылып жүрген адамдармыз ғой",  –  деді.

Желі қолданушылары "Сонда сіз Жаханның кім екенін білмедіңіз бе?" ,  –  деген сұрақ қойды. 

"Менің оның өмірін қарамадым. Тек кинотеатрда, кинода ғана көргенмін. Мен ол туралы басқа ештеңе білмейтін едім",  –  деп жауап берді. 

Ол жұбайына  бір ғана сұрақ қойып, одан кейін оған деген көзқарасы мүлде  өзгергенін жасырмады. Сөзінше, актер өмірінде отбасының маңызды екенін айтқан. Күйеуінің шынайылығы қатты ұнап, келісім бергеніне еш өкінбейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0