«Мен сол ұрпақтанмын»: Балжан Бидаш Шыңғыс хан нағашысы екенін айтты

Сол себепті мені ренжітпеңдер.

Тамыз 5, 2025 - 21:30
Тамыз 5, 2025 - 21:34
«Мен сол ұрпақтанмын»: Балжан Бидаш Шыңғыс хан нағашысы екенін айтты
Фото: instagram.com/bidash

Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде өзінің руымен мақтанып, жазба жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Моңғолия сапарынан алған әсерім ерекше. Шыңғыс ханның ескерткішіне бара жатқан жолда бір топ әскерилерді көріп ерекше әсерде қалдым, құдды бір баяғы заманға түсіп кеткендей сезімде жүрмін. Ертеде шынымен осылай жүрді ғой. Шыңғыс ханның анасы Қоңыраттың қызы. Мен де сол ұрпақтанмын. Сол себепті қоңыраттарды ренжітпеңдер.

Шыңғыс ханның алтын жалатылған хан мүсініне құрмет ретінде алдымен кіріп, алдымен шығасың. Бұл мүсінде бір мыс бар, көз алмай қарап, оның тарихтағы күшін ескеріп отыра бересің", - деп жазды өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow