«Менің ойыма сай емес»: Мирас Жүгінісов ағасының сөзі үшін қыздардан кешірім сұрады

Тамыз 1, 2025 - 14:30
Тамыз 1, 2025 - 15:00
«Менің ойыма сай емес»: Мирас Жүгінісов ағасының сөзі үшін қыздардан кешірім сұрады
фото: әлеуметтік желіден

Елімізге танымал әнші Мирас Жүгінісов ағасы Рүстемнің желіде айтқан пікірі үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен пікірталас тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар деп ойлаймын», - деп жазды Мирас Жүгінісов.

Ол өзінің шығармашылығы махаббат, адамгершілік және құрмет жайлы, әндерінің көбі дәл нәзік жандыларға арналғанын айтты.

«Өйткені, әйел жанының бұл өмірде орны мен үшін ерекше.Сондықтан, бұл жағдайдан көңілі қалған барша жандан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow