«Мынадан кейін құрбандық қалай қабыл болады»: Желі қолданушысы сұмдық кадрлармен бөлісті

Желі қолданушысы Құрбан айт мейрамы қарсаңында Ақтау қаласына қарасты аудандардың бірінде болған жағдайды баяндады, - деп жазады sadaq.kz.
Видео кадрларынан мал соятын жерде болған сорақылықты байқауға болады.
"Мына сұмдықты қалай айтпауға болады? Масқара ғой! Қазақтың кең байтақ даласында шалынып жатқан құрбандықты көріп шошисың. Оның үстіне бұл жерге кіргенің үшін де ақша төлеуің керек. Осыны ретке келтіріп, тазалыққа шақыратындар жоқ па? Барлық жерде тек бизнеске айналдырып отыр. Әйелімді мал соятын орынға әдейі ертіп бармадым. Қорқынышты фильм көргендей шошып қалуы мүмкін. Айтуға ауыз бармайды. Барлық жерде шалағайлық пен немқұрайлылық, тәртіпсіздік, тазалық сақталмаған. Салдары осындай болып отыр. Әлемнің бірде бір елінде мұндай жоқ шығар. Қан судай ағып жатыр, оның арасында жүруді енді айта алмаймын. Мынадан кейін қалай құрбандық қабыл болады?", - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






