Министр орташа жалақыдан екі есе артық ақша алатын мамандарды атады

Қаңтар 6, 2026 - 14:31
 0  3
Министр орташа жалақыдан екі есе артық ақша алатын мамандарды атады
Фото: istockphoto.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Хасенов орташа жалақыдан екі есе артық ақша алатын мамандарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Былтыр IT нарығының кірістері 2 трлн теңгеге жеткен.

"IT саласы елімізде ең көп жалақы төленетін салалардың бірі болып табылады. Ресми статистикаға сәйкес, IT мамандардың жалақысы орташа жалақы деңгейінен екі есе жоғары", - деді Хасенов үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Ал отырыстан кейінгі брифингте бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин IT мамандардың нақты жалақысын атады.

"Жаңылмасам, қазіргі кезде IT салада орташа жалақының көлемі шамамен 800 мың теңгеден асады", - деді Коняшкин.

Оның айтуынша, бүгінде мықты IT мамандарға сұраныс жоғары. Осыған байланысты жоғары жалақы ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0