Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаева Мәскеудегі элиталы пәтердің иесі болып шықты

Назарбаевтың үшінші жары Мәскеудегі элиталы пәтердің иесі болып шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші, бейресми жары Әсел Құрманбаева Ресей астанасының беделді ауданында қымбат пәтері иесі екені белгілі болды. «Выход к морю» арнасының жазуынша, Құрманбаеваға Мәскеудің Рублевка маңынан 300 шаршы метрлік пәтер мен екі көлікжай тиесілі.
Аталған жылжымайтын мүлік Звенигородская көшесіндегі элиталық сегіз пәтерлік үйде орналасқан. Ғимарат 1999 жылы арнайы жоба бойынша салынған. Үй саябақпен қоршалған, аумағы биік дуалмен қоршалып, кіреберісіне шлагбаум мен күзет қойылған. Тұрғын үй кешені Суворов паркімен іргелес, ал ол өз кезегінде Мәскеу өзеніне шығады. Әсел Құрманбаева бұл пәтерді 2017 жылдың қазан айында сатып алған.
Бүгінде бұл үйдегі жылжымайтын мүліктің нақты құнын анықтау оңай емес. Сол үйде сатылымға қойылған жалғыз ғана пәтер бір хабарландыруда 290 миллион рубльге, ал екіншісінде 512 миллион рубльге бағаланып тұр. Былтыр дәл сондай 300 шаршы метрлік пәтер 180 миллион рубльге сатылған, бастапқыда ол үшін 220 миллион сұралған екен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






