«Немере сүйемін»: Сәкен Майғазиев дүниеге келетін немересінің жынысын өзі жария етті

Ақпан 2, 2026 - 10:34
 0  96
«Немере сүйемін»: Сәкен Майғазиев дүниеге келетін немересінің жынысын өзі жария етті
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышты жаңалықты көпшілікке жария етті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында келіндерінің жүкті екенін және болашақ немерелерінің жынысы белгілі болғанын мәлімдеді. Майғазиевтер әулетінде қыз бала дүниеге келмек.

«Алла ұлық! Алла қаласа, жұбайым екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз», – деп жазды әнші.

Бұл қуанышты жаңалықпен келіні Әдия да бөлісті. Оның айтуынша, олар арнайы видео түсірген, алайда оны кейінірек жарияламақ.

«Қазірше осы жаңалықты тезірек жеткізгім келді», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Майғазиевтер отбасын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0