Нұрлан Сабыровтың Қытайда да жолы кесілді

Сәуір 2, 2026 - 12:07
chat_bubble  0 visibility  0
Нұрлан Сабыровтың Қытайда да жолы кесілді
Фото: Instagram @nurlan__saburov

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың 4 сәуірге жоспарланған Шанхайдағы концерті белгісіз себептерге байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

SHOT дерегіне сәйкес, әртістің Қытайдағы гастрольдік сапары аясында тағы екі концерті жоспарланған. Атап айтқанда, 2 сәуірде Гуанчжоуда, 3 сәуірде Бейжіңде өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда бұл концерттердің өту-өтпеуі әзірге нақты емес, олардың да кейінге қалдырылуы немесе өтпей қалу ықтималдығы бар.

Сондай-ақ Шанхайдағы концертке билеттер әлі сатылымға шықпаған. Бұл жағдай концертке санаулы күн қалғанына қарамастан орын алып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуровтың стендап кештеріне билеттердің бағасы 5600-ден 20 мың рубльге дейін, яғни шамамен 33 мыңнан 117 мың теңгеге дейін болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0