Оқушылардың ораза ұстағаны дұрыс па? – министр жауабы

Наурыз 12, 2025 - 14:32
Оқушылардың ораза ұстағаны дұрыс па? – министр жауабы
Фото: оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналист министрге "Мектеп жасындағы баланың ораза ұстауы дұрыс па? Денсаулығына әсері қандай?" деген сұрақ қойды. 

«Бұл жерде ата-аналар мен оқушылардың өзіне қарата айтуымыз керек. Негізі қандай мәселені қозғасақ та, бірінші балалардың қауіпсіздігін алға қоюымыз керек. Егер балалардың денсаулығына нақты зиян келетін болса, мұндай мәселені қайта қарауымыз қажет. Сол себепті әрбір ата-ана мен бала шешімді қабылдаған кезде осы ұстанымды ескеруге тиіс деп есептеймін», - дейді Ғани Бектайұлы Мәжіліс кулуарында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow