«Оны Жаханға айт»: Балжан Бидаш қазақ жігіттерін сынаймын деп елден оңбай сөз естіді

Қыркүйек 15, 2025 - 14:59
Қыркүйек 15, 2025 - 15:30
«Оны Жаханға айт»: Балжан Бидаш қазақ жігіттерін сынаймын деп елден оңбай сөз естіді
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Балжан Бидаш өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу тақырыбын қозғады. Ол өзінің құрбысы актриса Фариза Ескерместі мысалға келтірді, - деп жазады Sadaq.kz.

Бұл туралы ол "Сыр" бағдарламасында мәлімдеді. Сөзінше, өзге ұлт өкіліне шыққан құрбысы қазақ жігітімен бақытты бола алмас еді.

"Көбі қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді деп жатды. Мысалы құрбым Фаризаның күйеуі - орыс. Фариза қазақ жігітіне шықса, жылап, бақытсыз өмір сүреді. Көзінен нұры жоғалып, қатты бақытты болмайды. Ал қазір ол Андреймен бақытты. Әрине, қазақтың саны көп болуы керек. Бірақ сенің басқа ұлттың азаматымен әңгімең жарасып, іштей шын бақытты бола алатын болсаң мен қарсы емеспін. Менің ойым осы", - деді әнші.

Желі қолданушылары бұл туралы түрлі пікір жазды.

"Тексіздің сөзі", "Оны тікелей Жаханға айт", "Қазаққа тисе бақытсыз күн кешеді деген дұрыс емес", "Махаббат ұлтқа қарамайды", "Апам жақында басқа ұлтқа тиеді-ау", "Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады", деп пікір қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow