Оралда құбыр жарылып, онкодиспансер сусыз қалды

Сәуір 8, 2025 - 16:15
Сәуір 8, 2025 - 16:16
 0  32
Оралда құбыр жарылып, онкодиспансер сусыз қалды
Фото: Pixabay.com

Орал қаласында су құбырындағы апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, Жамбыл және П.Садомсков көшелерінің қиылысында диаметрі 600 мм су құбырында апатты жағдай болды.

"Осыған байланысты облыстық онкологиялық диспансер, сот сараптамалары орталығы, MIG Qazaqstan ядролық медицина орталығына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды. Сондай-ақ П.Садомсков, Жамбыл, Б.Мұхамбетов, Теректі, Ақмола, Жаңақала көшелерінде орналасқан жеке үйлерде су болмайды. Апатты шамамен сағат 20.00-ге дейін жою көзделіп отыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0