Оралдағы өрт: жарылыстың ортасында қалған құтқарушының жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

Желтоқсан 12, 2025 - 21:21
 0  2
Оралдағы өрт: жарылыстың ортасында қалған құтқарушының жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Өрт сөндіруші саты арқылы көмекке жете бергенінде жарылыс болып, балконының күл-паршасы шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында өрт сөндірушінің жағдайы айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, өрт үшінші қабатта бос тұрған пәтерде шыққан. Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, терезе мен балкон қалқасы ұшып кетті. Ал жарылыс тура көз алдында болған құтқарушы өзінің жағдайы туралы былай деді:

«Бәрі жақсы. Қайта іште адам болған жоқ. Өзім де жақсымын. Балкон жарылғанда еңкейіп үлгеріп қалдым», – дейді өрт сөндіруші.

Өрт сөндірушінің қайсар мінезі мен кәсіби қызметіне адалдығы жырттың ыстық ықыласына бөленді.

«Батыр», «Әрбір өрт сөндіруші қызметтен үйлеріне аман-есен оралсын!», «Бейбіт күннің батырлары! Еңбектері бағалану керек!», «Өмір мен өрттің ортасындағы бір сәт, бір батыр», «Ең алдымен адамдарды ойлап тұр, «ішінде адамдар болмағаны жақсы болды» деп айтады, өзі өлім аузынан қалса да. Нағыз лайықты жауынгер», «Алла амандығын берсін әріптес, қай кезде не болатынын бір Алла біледі. Аман болайық», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Оралда көпқабатты үйде адам шошырлық жарылыс болып, балконының күл-талқанын шығарғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0