Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды

Тамыз 1, 2025 - 12:54
Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды
Фото: Pixabay

Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті, деп хабарлайды kazinform.kz.

"Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген.

Оның үшеуінде көз жұмғандар — балалар. Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow