Өскеменге ұшқан SCAT ұшағы Астанаға қайтуға мәжбүр болды

Қазан 17, 2025 - 14:58
Өскеменге ұшқан SCAT ұшағы Астанаға қайтуға мәжбүр болды
Фото: istockphoto.com

Өскеменге бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына мәжбүрлі түрде қайта оралды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бүгін SCAT әуе компаниясының Астана – Өскемен бағытындағы рейсін орындаған ұшақ елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжбүрлі түрде қайтуға Өскемендегі қою тұман себеп болған.

«Көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендеп, қауіпсіз қону талаптарына сай келмеген. Бұдан бөлек, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Астана әуежайында қызметтің ішкі регламентіне сәйкес уақытша шектеулер енгізілген. Ауа райы мен техникалық жағдайларды ескере отырып, ұшу уақыты 18:30-ға шегерілді», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow