«Өз көзіммен көрдім»: Димаш Құдайберген Қарағандыдағы 700 метр тереңдіктегі шахтаға түсті

Қыркүйек 1, 2026 - 10:55
chat_bubble  0 visibility  5
«Өз көзіммен көрдім»: Димаш Құдайберген Қарағандыдағы 700 метр тереңдіктегі шахтаға түсті
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қарағандыда өткен шахтерлердің кәсіби мерекесінен кейін Qarmet компаниясының Костенко атындағы шахтасына барды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында жер астына 700 метр тереңдікке түскенін жазған. Ол шахтерлердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін өз көзімен көріп, олардың еңбегінің қаншалықты қиын әрі жауапты екенін жазды.

«Шахталардың жаңартылып жатқаны қуантады. Ең бастысы – шахтерлермен жеке кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтау мүмкіндігіне ие болдым. Бұл мамандық иелеріне деген құрметім ерекше. Еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық! Шахтер күні құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қауіпсіз ауысым тілеймін! Рақмет, Qarmet!» – деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0