Өзге ұлтқа күйеуге шыққан қазақ қыздарының саны артты

Еліміздің Ұлттық статистика бюросының мамандары бір қызықты дерекке назар аудартты. Республикада өзге ұлт өкілдерімен отбасы құру көрсеткіші артқан, деп жазады oimaqnews.kz.
"2024 жылы барлық тіркелген некенің 81,8%-ы ғана – моноэтникалық болса, қалған 18,2%-ы – этносаралық болды. Осылайша, соңғыларының үлесі артып келеді. Салыстырғанда, 2023 жылы тіркелген некелердің 82,3%-ы – моноэтникалық, яғни бір ұлт арасындағы жұптардың отасуы болса, тек 17,7%-ы – этносаралық болған еді", – деп хабарлады статорган мамандары.
Бұл көрсеткіш тоқтаусыз өсіп келеді: 2022 жылы этносаралық некелердің үлесі 17,4% ғана болған еді. Тиісінше, бір ұлт өкілдерінің өзара отау құруының көрсеткіші 82,6 пайыздан асқан болатын.
Мысалы, ресми статистика бойынша 2012 жылы Қазақстан халқының саны 16 миллион 700 мыңға жетті. Дәл сол жылы қиылған неке санынан тарихи рекорд орнатылды: 164 681 жаңа отбасы құрылған. Содан бері тіркелген некелер саны үздіксіз құлдыраумен келеді. 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқының саны 20 миллион 265 мыңнан асты немесе 3 млн 565 мыңнан аса адамға көбейді. Соған қарамастан, 2024 жылы небәрі 123 626 неке тіркелген.
Некелесу коэффициенті әрбір 1 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылғы 9,81 некеден 2024 жылы 6,13 некеге дейін құлдырады. Қарап тұрсаңыз, қарқынды түрде нөлге жақындап келеді. Тіркелген некелер саны 2021 жылғы – 140 256-дан 2022 жылы – 128 359, 2023 жылы – 120 851, 2024 жылы – 123 626 некеге дейін қарқынды түрде азайды.
"Алтын неке" агенттігі Қазақстаннан әйел аламын деген қытайлық еркектер және қытайлыққа шығамын деген қыздар үшін романтикалық турлар ұйымдастырады. Қызметінің құны 4 500 доллардан басталады.
Ал, ҚР Ұлттық статбюроның дерегінше, Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 сәуірде 20 333 530 адамға жетті. Соның ішінде әйелдер саны басым – 10 397 426 адам. Ал, ерлер саны 9 936 104 адам ғана.
Басқаша айтқанда, статистикада гендерлік теңдік болуы үшін Қазақстанда жарты миллиондай, 461,3 мыңнан астам еркек жетіспейді. Көрші Ресейде әйелдер саны ерлерден 10 миллионға көп. Бұл асимметрия қытайлық бойдақтар үшін мүмкіндік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






