«Пәтер жалдап тұратыны ақылға сыймайды»: Дана Нұржігіт Меруерт Өтекешованың тұрмысын сөз етті
Тележүргізуші Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаевақа берген сұхбатына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы sadaq.kz жазды.
Журналист сұхбатты көргеннен кейін ерекше әсер алғанын айтып, актрисаның бүгінгі жағдайы көңіліне ауыр тигенін жеткізді.
Оның сөзінше, шынайы зиялы қауым өкілдері дәл осындай қарапайым әрі биік болмысты адамдардан тұрады. Дегенмен, өнер иесінің елордада пәтер жалдап тұратынын естігенде, оны әділетсіздік ретінде қабылдаған.
Сонымен қатар, Дана Нұржігіт актрисаның қазақ киносына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Әсіресе, Қыз Жібек фильмін сақтап қалу жолындағы еңбегін тілге тиек етті.
Оның айтуынша, кезінде қор құрып, қаржыны үнемдей отырып, картинаны Мәскеу архивінен қайта алдырту – үлкен жанкештілік пен жауапкершіліктің белгісі. Бұдан бөлек, тележүргізуші Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш орнату бастамасын да қолдайтынын білдірді.
Сөз соңында ол мәдениет қайраткерлеріне құрмет тек жылы сөзбен шектелмей, нақты қолдаумен жалғасуы тиіс екенін атап өтті.
Оның пікірінше, халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлғалар лайықты өмір сүруге толық құқылы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0