Павлодарда үшем дүниеге келді

Тамыз 6, 2026 - 09:22
 0  11
Павлодарда үшем дүниеге келді
Фото: Pixabay

Павлодарда үшем дүниеге келді. 33 жастағы Мадина Қазенова Аят, Иса және Алан есімді үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Екі нәрестенің салмағы 2 келіден асса, кенжесі (1,5 келі). Қазір сәбилердің бірі перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Ал анасы қалған екі ұлымен бірге үйіне шығарылды.

Қазеновтер отбасы «Аңсаған сәби» бағдарламасының қатысушылары. Бағдарлама іске асқан 5 жыл ішінде Павлодар облысында 464 сәби дүниеге келген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0