«Петличкадан орден таққан»: CTS басшысының сұхбаты желі талқысына түсті

Мамыр 12, 2026 - 15:29
chat_bubble  0 visibility  2
«Петличкадан орден таққан»: CTS басшысының сұхбаты желі талқысына түсті
Фото: видеодан скрин

Астанада LRT құрылысына арналған баспасөз туры кезінде CTS компаниясының төрағасы Асылбек Дүйсебаев журналистердің сұрағына жауап беріп, көп жылдан бері ашық аспан астында тұрған тіректердің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Баспасөз туры барысында журналистердің бірі LRT тіректерінің ұзақ уақыт бойы далада тұруы олардың қауіпсіздігіне әсер етпей ме деген сауал қойған. CTS басшысы барлық конструкциялардың арнайы тексерістен өткенін және қазіргі таңда ешқандай қауіп жоғын айтты.

«Барлық тіректер сапалы құйылған, әлі күнге дейін тамаша күйде. Біз арнайы датчиктер орнаттық, тексеру жұмыстарын шетелдік мамандар да, өзіміз де жүргіздік. Ешқандай ауытқу жоқ, барлығы қауіпсіз», – деді Асылбек Дүйсебаев.

Айта кетейік, баспасөз туры кезінде журналистердің микрофондары тағылған CTS басшысының видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушылары оны әзілге айналдырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0