Петропавлда пешті бензинмен жақпақ болған ер адам күйіп қалды

Шілде 17, 2026 - 16:43
chat_bubble  0 visibility  1
Петропавлда пешті бензинмен жақпақ болған ер адам күйіп қалды
Фото: istockphoto

Петропавлда пешті бензинмен жақпақ болған ер адам күйіп қалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Көпбейінді қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының бет-жақ бөлімшесіне ауыр күйік шалған 68 жастағы ер адам жеткізілген. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жарақатты пешті бензинмен тұтатпақ болған кезде алған. Бірнеше секунд ішінде от лапылдап кетіп, оның бетін, мойнын, кеудесін және екі қолын күйдірген.

Тексеруден кейін дәрігерлер 2-3А дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік диагнозын қойды. Денесінің зақымдану аумағы 22%-ды құрады.

Қазіргі уақытта емделуші медицина мамандарының бақылауымен ем қабылдауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0