«Полицияға арыз түсіру керек»: Нұрлан Еспановтың ұлы «Қайрат-Реал» матчына билет сатып, сынға қалды

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Алматыда өтетін “Қайрат-Реал” матчына билет сататынын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесінің ұлы бірнеше билет сатып алған.
“Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Саудасы бар аз-маз. 34 сектор, 9 қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. “Қайрат” клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің”, – деп жазды Олжас.
Одан кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да билет сататынын жариялады.
“9, 14, 1, 8 қатарлардан билеттер бар. 350 мың теңгеге беремін. Тездетіп жекеме жаза қойыңдар”, – деп жазды Әділет Майғазиев.
Қос әншінің ұлдарының әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Оқырмандар, бұл билеттерді әділетсіз алынғанын айтып, түрлі сыни пікірлер жазды.
“Мына жерде 20 билеттей бар. Бұл дұрыс па?! Нұрлан Еспановтың ұлы кешеден бері сатуға шығарып жатыр. Сайт жұмыс істемей ала алмай қалып едік, мыналар 20 билетті қайдан алып отыр?! Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе?!", “Полицияға арыз түсіру керек”, “250 мыңның билетін 1 миллион теңгеге сатып, пайда көріп жатыр”, “Сәкеннің ұлы да ақша жасап қалып жатыр”, “Осындай адамдар көгерген нанды да 10 есе бағаға сатады”, “5 сағат отырып, бір билет алдық”, – деп жазды көпшілік.
Фото: instagram.com/espanov_olzhas
Сіздің реакцияңыз қандай?






