«Психологтарды кінәлаймын»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)
Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев ажырасуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі бұл мәлімдемесін «Үйлену оңай» фильмінің тұсаукесері кезінде журналистерге берген сұхбатында айтты.
Актердің сөзінше, отбасының бұзылуына тек бір жақты кінәлау қисынсыз. Ол кез келген жанұялық мәселеде екі тараптың да жауапкершілігі бар екенін жеткізді.
«Ажырасуға әйелді де, еркекті де кінәламаймын. Таяқтың екі ұшы болады. Қазір бірақ қазақ қоғамындағы психологтарды кінәлаймын», – деді Дархан Мұсаев.
Актердің бұл жауабы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Оқырмандардың бір бөлігі оның бұл ойымен толық келіссе, енді бірі әр шаңырақтың өз жағдайы мен ажырасуға итермелейтін жеке себептері болатынын жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0