Qazaq Air әуе компаниясы сатылып кетті

Мамыр 23, 2024 - 16:19
Мамыр 23, 2024 - 16:19
Qazaq Air әуе компаниясы сатылып кетті

23 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іссапармен Сингапурға барды. Президент сапары барысында Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясына беруге қарсы емес екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді. "Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды" дейді президент. 

Бұл ретте Тоқаев отандық "Қазақстан темір жолы" компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе "Орта дәліздің" әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді.

“Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем жаңа деңгейге шығара алады. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға шығатын ең төте әрі орнықты жол. Сингапур компаниялары мен қаржы институттары бұл саладағы бизнес пен инвестицияның мүмкіндіктерін зерттеп, айтарлықтай пайдаға кенеле алады деп санаймыз. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екеніне назар аударды. Сингапур компанияларына бірлескен агроинновациялық орталықтар құру, дәлдігі жоғары егіншілік және су ресурстарын барынша тиімді пайдалану бағыттарында бірлесе жұмыс істеу ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow