Рамазан - 2026: Ораза кестесі шықты (ФОТО)
Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады.
Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.
20 наурыз – ораза айт мерекесі", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Назарларыңызға Астана мен Алматы қаласына арналған кестелерді ұсынамыз. Қазақстанның басқа қалалары бойынша уақыт кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0