Ресейде Нұрлан Сабуровтың концерттері өтпей қалды

Желтоқсан 9, 2025 - 09:58
 0  6
Ресейде Нұрлан Сабуровтың концерттері өтпей қалды
фото: әлеуметтік желіден

Ресейдің Обнинск қаласында қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың 8 желтоқсанға жоспарланған концерті соңғы сәтте өтпейтін болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ақпарат сегізіне қараған түні ВКонтакте желісіндегі ресми жарияланымда тарады.

Хабарламада “Ғалымдар үйінде” өтуі тиіс болған кештің техникалық себептерге байланысты тоқтатылғаны айтылған. Концерттің қашан өтетіні немесе мүлде болмайтыны әзірге белгісіз.

Обнинск қаласының әкімшілігі де жағдайға қатысты түсінік беріп, “Ғалымдар үйі” ұйымдастырушыларға шараны кейінге қалдыру туралы ресми хат жолдағанын мәлімдеді.

Расталған жауап түскен соң, көрермендерге нақты ақпарат ұсынылатыны айтылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0