Риддерде 17 жастағы қыз ит-мысықты сойып, олардан сувенир жасап отырған (ВИДЕО)

Шілде 30, 2025 - 16:29
 0  38
Риддерде 17 жастағы қыз ит-мысықты сойып, олардан сувенир жасап отырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының белсенділері әлеуметтік желіде адам шошырлық видео таратып жүрген 17 жастағы қыздың әрекетіне назар аударып, полицияға шағымданған, - деп жазады Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сенсек, бейнежазбадағы қыз бала үй жануарларын өлтіріп, сойып, олардың қалдықтарынан кәдесый жасап отырған. Әрі әрекетінің бәрін видеоға түсіріп, оны Тик-ток әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып отырған.

Осы мәселеге қатысты облыстың полиция департаменті мән-жайды анықтап жатыр.

«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты кәмелет жасына толмаған 17 жастағы қыз анықталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне келді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция кәмелет жасына толмаған қыз бен оның ата-анасына заң талаптарын түсіндіріп, іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберді», - деп хабарлайды ШҚО-ның полиция департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Где? Новости ???? У-К (@gde_novosti_uka)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 2
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0