«Соттау керек»: Ринат Зайыт Мұхтар Шахановты қаралаған ер адамды қатаң сынға алды

Сәуір 29, 2026 - 16:27
app_badging Сәуір 29, 2026 - 17:36
chat_bubble  0 visibility  2
«Соттау керек»: Ринат Зайыт Мұхтар Шахановты қаралаған ер адамды қатаң сынға алды
Коллаж: Sadaq.kz.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Алматыда Абдолла Розыбакиев көшесін ақын Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсынысқа  қарсы шығып, ақынға тіл тигізген ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Депутат мұндай бассыздықты жазасыз қалдырмау керегін айтып, өткір мәлімдеме жасады.

"Ондай адамдарды соттау керек деп ойлаймын. Желтоқсаншыларға, қазақ қоғамына тіл тигізіп қылмыс жасап отыр. Пікір айтудың да өз жөні бар. Әр нәрсенің негіздемесі болу керек", – деді ол.

Ақын Мұхтар Шахановты Алматының қақ ортасынан көше беруге әбден лайық екенін айтты.

"Көшенің атын алу үшін тарихи тұлға деп танылуы керек деген бес жылдық меже бар. Бірақ бізде  тірі кезінде де көшеге атын берген тұлғалар бар. Сондықтан Мұхтар Шаханов секілді қайреткерге көше беру бойынша кедергі көріп тұрған жоқпын. Жоғарғы жақтан дұрыс шешім қабылданатын шығар. Себебі Мұхтар Шаханов Алматының қақ ортасынан көше алуға лайық тұлға деп  ойлаймын", –деді Ринат Зайыт.

Естеріңізге сала кетейік, «Мамбетадор» атты желі қолданушысы ұлтараздық сипатта мәлімдеме жасап, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0