Рудныйда мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Желтоқсан 5, 2024 - 22:25
Рудныйда мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алған. 

«Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды», делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow