«Сәбит те, екінші күйеуі де келмеген»: Алтынай Жорабаева тұңғыш қызын жалғыз ұзатты (ВИДЕО)

Шілде 29, 2026 - 11:09
app_badging Шілде 29, 2026 - 11:11
chat_bubble  0 visibility  30
«Сәбит те, екінші күйеуі де келмеген»: Алтынай Жорабаева тұңғыш қызын жалғыз ұзатты (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызын ұзату тойынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі қуанышты күннің видеоларын парақшасында жариялап, бес қызына ақ тілегін арнады.

«Бес қызым, әрдайым бір-біріңе сүйеніш, қуаныштарың ортақ, жүректерің мейірімге толы болсын. Достықтарың уақыт өткен сайын беки түсіп, әрқайсыңның өмірлеріңе береке, бақыт, денсаулық пен мол ризық нәсіп етсін. Алла тағала әр армандарыңа жеткізіп, жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен тыныштық кетірмесін. Әрқашан аман болып, бір-біріңе тірек болып жүріңдер», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Бірі тойдың сәттерін қызу талқыласа, бірі әкесі мен ағасының келмегенін жазды.

«Недеген әдемі көрініс, бақытты болсын», «Екі жаққа кеткен қиын ғой. Ұзатылар сәтте Сәбит маңдайынан сүйіп кетсе болар еді», «Тұрсынбек пен Сәбитке балаларының қуанышына келмейтіндей не болды?», «Екінші жолдасы да көрінбейді», «Айгүл Иманбаеваның ұлы келмеген бе? Ең үлкен ағалары ғой. Алтынайға Алла күш-қуат берсін», «Қыз баласына әке керек қой»,– деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0