Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қаңтар 31, 2025 - 12:35
 0  52
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
qazsporttv.kz

Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 19 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штаты, Коммерс қаласында өткізеді. Алайда қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ. BoxRec.com порталының мәліметінше, бұл кездесуді промоутер Том Леффлер (360 Promotions) ұйымдастырады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 13 желтоқсанында Калифорния штатының Санта-Инез қаласындағы Chumash Casino аренасында америкалық Рафаэль Игбоквеге (17-6, 7 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы Ахмедовты 2025 жылдың 11 ақпанына дейін медициналық себептермен уақытша жарыстардан шеттетті. Бұл шара боксшылардың ауыр жекпе-жектен кейін толық қалпына келуін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Айта кету керек, Рафаэль Игбоквеге қарсы кездесуге Садриддинді Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады. Сонымен қатар, Ахмедов GGG-дің бұрынғы менеджері Том Леффлермен ынтымақтастық орнатқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0