«Сағатына 1000 рубль»: Елімізде «Мәңгілік полк» акциясына қатысуға үгіттегендердің жеке басы анықталды

Мамыр 8, 2025 - 12:20
«Сағатына 1000 рубль»: Елімізде «Мәңгілік полк» акциясына қатысуға үгіттегендердің жеке басы анықталды
Фото: moypolk.ru

Қазақстанда «Мәңгілік полк» акциясына ақша үшін қатысуға шақырғандардың кім екені анықталды. Бұл туралы saDaq.kz сайты Qaz365.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басты тұлға ретінде Telegram-дағы «gennadiikresl» атты пайдаланушы танылған. Ол бұл акцияға қатысу үшін ақы төленетінін және жұмыс ақысы сағатына 1000 рубльден басталатынын алға тартқан. Оның парақшасында ресейлік байланыс операторының нөмірі – +7-999… көрсетілген, ал аккаунт уақытша электронды пошта мекенжайына тіркелген: a****n@uzyoxdq.bizml.ru. Бұл деректер пайдаланушының шынайы тұлғасын жасыруға және аккаунтты уақытша пайдалануға тырысқанын аңғартады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде аккаунт иесінің Ресей азаматы екені және Омбы қаласында тұратыны анықталды. Оның сыбайласы болуы мүмкін деген адамның да жеке басы айтылды. Ол - Ресей азаматы Андрей Соколов. Яғни акцияға қатысқандарға Соколов арқылы «Тинькофф» банкінен ақша аударылып отырған. Соколов 2024 жылы бірнеше рет Қазақстанға келген және жергілікті банктерде 55 шот ашқан. Бұл оның ұйымдастырылған ақпараттық науқанға делдал ретінде қатысы болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Мәліметтерге сәйкес, осы шоттардың бір бөлігі қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген: +7-771-483… және +7-771-483…, оларды тағы бір Ресей азаматы — Telegram-да «Алексей Уз и Кз» атымен белгілі Алексей Шубин пайдаланады.

Сонымен қатар үшінші тұлға — Пермь қаласының тұрғыны Алёна Забродина анықталды. Жүйелік деректерге қарағанда, ол Қазақстан шекарасынан Шубин және Соколовпен бірге өткен. Забродинаға тіркелген +7-771-483-58… нөмірі Telegram-да «Алёна Уз» атымен қолданылған.

Бұл фактілердің барлығы аттары аталған адамдардың өзара келісіп, ұйымдасқан түрде әрекет еткенін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow