«Сағынышым өзгермейді»: Димаш Құдайберген Ақтөбеде ұстаздарымен кездесті
Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбедегі өзі білім алған №32 мектеп-гимназиясына барып, ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, мектеп пен ұстазға деген құрметі ешқашан өзгермейтінін жеткізді.
«Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді»,– деп жазды әнші.
Сондай-ақ әнші алдағы уақытта туған жерінде жаңа бейнебаян түсіру жоспары бар екенін айтып, жанкүйерлеріне тың шығармашылық жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, жаңа туындысының түсірілімі туған жерінде болмақ.
Жанкүйерлер әлеуметтік желіде өнер иесінің ұстаздарына деген құрметіне ризашылық білдіріп, жаңа бейнебаянды асыға күтетіндерін жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0