«Салғырт қараған»: Каспийдегі трагедия бойынша күдіктілер анықталды

Қыркүйек 25, 2026 - 10:48
chat_bubble  0 visibility  8
«Салғырт қараған»: Каспийдегі трагедия бойынша күдіктілер анықталды
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметкерден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды.

"Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды. Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды", – делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0