«Сандырақтап тұр»: Тамара Асардың күйеуі орысша тілек айтып сынға ұшырады (ВИДЕО)

Маусым 13, 2025 - 17:10
«Сандырақтап тұр»: Тамара Асардың күйеуі орысша тілек айтып сынға ұшырады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Сәкен Майғазиевтің тұңғышы Әділеттің тойында сөз алған Тамара Асардың күйеуі көпті өзіне қаратты, - деп жазады sadaq.kz.

Кәсіпкер Жұмаш Бекмырза екі жасты қуанышымен құттықтап, Адайдың қыздары туралы сөз қозғады. 

"Шынымды айтсам адайлық қыздар ең керемет болып келеді. Олардың түсініктері мол және салт-дәстүрді берік ұстанады. Тіпті айтарға сөзім жоқ. Тағы да құттықтаймын!", - деді ол. 

Алайда желі қолданушылары Жұмаш Бекмырзаның орысша тілек айтқанын әбден сынады. 

"Қазағыма қазағым орысша тілек айтып тұр ма", "Тілек пе, мінездеме ме", "Батыс, Шығыста тұрған ештеңе жоқ үйдегі тәрбиеге байланысты", "Орысша сандырақтады", "Сонша мақтағанн әйелің қазақ тілін үйретпеген бе", "Тамараның күйеуі қазақ емес пе, неге қиналып тұр", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Тамара Асар Жаңаөзен өңірінің тумасы. 

@aigulmukei

♬ оригинальный звук - aigulmukei

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow