Санжар Боқаевты қамауда ұстау уақыты бір айға ұзартылды

Мамыр 13, 2026 - 21:44
chat_bubble  0 visibility  0
Санжар Боқаевты қамауда ұстау уақыты бір айға ұзартылды

Белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қоғам белсендісінің адвокаты Радмир Утеповтың айтуынша, Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 маусымға дейін ұзартылған.


"Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжар Омарұлының қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты", – дейді заңгер. 


Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0