Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери сотталды

Оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды.

Ақпан 25, 2025 - 15:34
Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери сотталды
ЖИ Grok/sadaq.kz

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімде сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші лайықты жазасын алды.

Мұндай пікірді Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов білдірді. 

"Жаза тәртіпке қайшы әрекетке сай келеді. Мерзімді әскери қызметшіге қатысты билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті", - деді Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бұл оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды. 

Сот взвод командирі Әділет Керімовті Қылмыстық кодекстің 451 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

inform.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow