Сәтбаевта мас адам бір топ жасөспірімді көлігімен басып кетті (ВИДЕО)

Мамыр 26, 2025 - 17:15
Сәтбаевта мас адам бір топ жасөспірімді көлігімен басып кетті (ВИДЕО)

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дәмхананың жанында тұрған бір топ жасөспірімді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апатының видеосы қазір әлеуметтік желіде таралып жатыр. Байқағанымыздай, бір топ жігіт дәмхананың жанында сөйлесіп тұрғанда бір машина оларды қағып кеткен.

«Абай көшесіндегі бір дәмхананың жанында көлік жүргізуші жол шетінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Полиция қызметкерлері мас адамды бірден ұстады. Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйіне жіберді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлайды Ұлытау облысының полициясы.

Қазір полиция іс матерталдарын сотқа жолдаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow