«Сауатсыздың сауатсызы»: Меруерт Түсіпбаева депутаттар туралы ашық айтты
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева депутаттыққа үміткер болу туралы ойын айтып, өзінің билік басына бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы әнші тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, депутат болу үшін халықтың қолдауы қажет. Ал өнер иесі тіпті өз жерлестерінің де өзін қолдамайтынын, елеп-ескермейтінін жасырмады.
«Депутат болуға таныс жоқ, “крыша” жоқ. Көтермелейтін адам да жоқ. Міне, 55-ке келемін ғой. Тіпті мені Павлодар облысынан бір адам құттықтамайды да, елемейді де, ескермейді де. Павлодар облысынан шыққан жалғыз әншімін. Баянауылда концерт өтсе, шақырмайды. Мені жерлестерім мүлде қолдамайды. Сондықтан депутат болу үшін таныс-тамыр, қолдау керек деп ойлаймын», – деді әнші.
Сондай-ақ әнші депутат болуға өзінің де қарсы екенін айтып, экс-депутаттарды сынға алды.
«Екінші жағынан, мен өзім қарсымын. Маған таныс пайда болып, депутат бол десе, мен ол жерде не істеймін?! Мен депутат болу үшін баяғыда Жүргеновті бітіргеннен кейін қаржыгер, заңгер секілді мамандықтарды оқып, дамуым керек еді. Сол үшін әр адам өз орнында болуы тиіс. Блогер-шмогер, әнші, биші, күйші, спортсмендер сауатсыз. Бізде спортсмендер екі сөздің басын құрай алмай отырды. Сауатсыздың сауатсызы. Ол кісілер не үшін, не мақсатпен отырғанын білмеймін. Ұят! Мені депутат бол десе де, болмаймын. Өйткені дайын емеспін, білімім жоқ», – деді өнер иесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0