Семейде бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
Тергеу мәліметінше, қызды қоқыс жәшігіне оның әкесі тастаған. Нәрестенің денесі қыста табылған. Бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен ата-ананың екеуі де арнайы атақтарынан айырылды.
Семейде жаңа туған қызын қоқыс жәшігіне тастап, оның өліміне себеп болған бұрынғы полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты. Әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, анасы рақымшылыққа ілінді,деп хабарлайды Sadaq.kz.
Іс материалдарына сәйкес, әйел жүктілігін жасырып, қызын үйінде босанған. Кейін ол нәресте өмірге келгенде-ақ шетінеп кеткенін айтқан. Алайда тергеу барысында сәбидің тоңып қайтыс болғаны анықталған.
Тергеу мәліметінше, қызды қоқыс жәшігіне оның әкесі тастаған. Нәрестенің денесі қыста табылған. Бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен ата-ананың екеуі де арнайы атақтарынан айырылды.
Сот 21 жастағы анаға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда ол рақымшылыққа ілінген. Ал 26 жастағы әкесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.