Халық Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жинап берді

Көпшіліктің қолдауымен жиналған қаражат баспана сатып алуға жұмсалады.

Ақпан 28, 2025 - 12:32
Ақпан 28, 2025 - 15:35
 0  667
Халық Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жинап берді

Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева отбасыға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша көпшіліктің қолдауымен жиналған қаражат баспана сатып алуға жұмсалады.

Толық медициналық тексеруден өткен балаға қажет психологиялық көмек көрсетіліп, отбасыға құқықтық қолдау ұйымдастырылды. Қазіргі таңда отбасының жақын туысының есепшотына 24 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат баспана сатып алуға бағытталады, – деді ол. 

Көмек көрсету процесі ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның үлкен қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу барысы ашық өтеді, – деп атап өтті Эльзира Солтабаева. 

Сонымен қатар ол отбасының ел тұрғындарына білдірген шынайы ризашылығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 10
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0