Семейді су басты

Жаңбыр суын тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Шілде 4, 2024 - 20:55
 0  61
Семейді су басты
Фото: Семей қаласының әкімдігі

4 шілде күні толассыз жауған жауыннан Семей қаласы су астында қалды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қалалық әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта жаңбыр суын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

"Қазіргі уақытта суды тазартуда 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға илосос машинасы және арнайы техника тартылған", - делінген мәліметте.

Жаңбыр суын тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0