«Сен менсіз ешкім емессің»: Мөлдір Мұқанова жазбасымен елді ойландырып қойды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазба жариялап, көпшілікке ой салып қойды, деп жазады Sadaq.kz.
Ол егер біреу әйелді итерсе, шапалақпен ұрса, бұл зорлықтың жалғасы екенін жазған.
«Сен менсіз ешкім емессің» дедің. Сол сәтте мен үнсіз қалдым.
Бір кезде сені сүйгенмін. Сөзіңе сенгем. Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам. Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.
Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы. Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы. Егер біреу саған “Сен менсіз ешкім емессің” десе — бұл психологиялық қысым!»,-деп жазды ол.
Мұқанова сөзінің соңында қыз-келіншектерге мотивация болатын ой тастаған.
«Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.
Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың»,- деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Ал оқырмандары блогердің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған.
«Айналайын, блогерлер, ажырасуды насихаттауды қойыңдар. Онсыз да апат көп. Балаларың аман, үйлерің бар, тамақтарың тоқ, құтырмаңдар», «Мынау енді шектен шықты. Әпше, болды ғой, Тұрсынбек ағаны жерге тығып жібердіңіз. Ол сізге қарсы бір сөз айтпады»,- деп жазып жатыр олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






